Шымкентте қатты дауыл болып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

279

Фото: polisia.kz6 маусым күні Шымкентте дауылды ескерту жарияланған. Осы күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілген.


 ТЖД мәліметінше, бұл туралы тұрғындарға 5 маусымда ескертілген. Алайда желдің нақты жылдамдығы жоғары болды. Нәтижесінде бұл бірнеше үйге, соның ішінде жеке үйлерге де зиян келтірді.


 "6 маусым күні кешкі сағат 18:25 пен 18:36 аралығында Шымкентте желдің жылдамдығы 15-тен 28 м/с дейін жетті. Нәтижесінде Абай ауданындағы бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданындағы бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданындағы төрт бес қабатты үйдің және Қаратау аауданындағы бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Жалпы 8 көпқабатты үйге зиян келтірілді. Одан бөлек, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке ғимараттың шатыры ұшқаны тіркелді", - дейді Төтенше жағдайлар департаменті. 
Ұшқан шатырдың жалпы аумағы 585 шаршы метрді құраған. 


Сондай-ақ 36 шаршы алаңдағы көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы жұлынып кетті. Ұшқан шатырлар мен қаптамалардан басқа ағаштар да құлады. Мұның барлығы сегіз көлікке зақым келтірген. 


Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ТЖД 25 қызметкері мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.


 Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. 
 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.