Таразды жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды

357
Тараз қаласының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.
"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция қызметкерлері Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 48 жастағы әйелді ұстады. 

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындаған.

Профилактикалық есепке "сутенер" санаты бойынша екі адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бес әйел қойылған. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топпен бірге сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерген. 

Нәтижесінде жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталған. Олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмаған Оған қоса, Жаңаөзенде тәнін саудалаған жезөкшелер анықталған еді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау барысында моншалардың бірінен 10-ға жуық жеңіл жүрісті қыздарды анықтады.