Елімізде белгілі бір уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

329

Фото: pixabay.comҚазақстанда автобус жолағымен белгілі бір уақытта өзге көліктердің емін-еркін жүруіне рұқсат етілуі мүмкін.


Жол ережелеріне енгізілген түзетулерде сондай бастама көрсетілген. Десе де белгілі уақыт аралығында шектеу бар. Қоғамдық көліктерге арналған жолақпен аптаның кез келген күні еркін қимылдағаныңызбен, таңғы және кешкі кептеліс уақытында жүруге болмайды. 


Автобус жолағымен 7:30 бен 9:30 аралығында және 17:00-ден 20:00-ге дейін жүруге тыйым салынған. Аталған уақытта автобустардың жүріп-тұруына, аялдамаға тоқтауына кедергі келтіруге жол жоқ. Ал қалған уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Жаңа өзгерістерді жария түрде талқылау мамыр айының соңына дейін жалғасады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.