ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2 172

Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Онда «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» Қызылорда облысында орындалуы қаралды. Сондай-ақ, аймақты дінтанушы-теолог мамандармен қамтудың, шетелдік күмәнді теологиялық білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағымдар профилактикасын ұйымдастырудың нәтижесі сараланды.


Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі сала басшыларына осы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.