Instagram-да алаяқтық жасаған қыз 3,6 жылға сотталды

303
Ішкі істер министрлігі онлайн-брифингте Жамбыл облысында жалған хабарландырулар беріп, 2 млн теңге тапқан алаяқ туралы айтты.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желіде материалдық пайда табу мақсатында "Showroom__ss" деп аталатын парақша ашқан 1995 жылы туған азаматшаны анықтаған.


Ол парақшаға әйелдер киімін жарнамалап, сатылатыны туралы жалған хабарландыру берген. 
Жас қыз қолында тауары болмаса да, тапсырысты орындау үшін алдында ала ақысын алып, тауарды клиенттерге курьерлік қызмет арқылы жеткізіп беруге уәде еткен.


 Курьерлік қызметтердің тауарды кемінде бір апта ішінде жеткізіп беретінін ескерген ол қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, дәл осындай әдіспен басқа да адамдарды алдаған. 
"Нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекетінен 40 азамат зардап шекті. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңге материалдық шығын келді. Бүгінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен азаматша К. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады министрлік өкілдері брифингте. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.