Қазалы ауданының әкімі бөлім басшыларын қабылдады

1 477

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіҚазалы ауданы әкімі қызметіне сайланғаннан бастап Алмасбек Есмаханов ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау үшін дербес бөлім басшыларын қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бөлім басшылары аудан әкіміне тиісті кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде толыққанды есеп беріп, алдағы міндеттер туралы да атап өтті. Қабылдау барысында аудандағы өзекті мәселелер де аудан әкімінің назарына жеткізілді.

Әрбір саланың жұмысымен жіті танысқан аудан басшысы биылғы жылға жоспарланған жобаларды жыл соңына дейін аяқтау, бөлінген қаржыны жүйелі жоспарлау сынды өзекті мәселелер бойынша салаға жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ қабылдау барысында республикалық және облыстық бюджетке ұсынылған жобалар, коммуналдық бағытта атқарылатын жұмыстардың жоспары, кәсіпкерлік және инвестор тарту бағыттары, салық түсімдерін арттыру, ауыл шаруашылығы, жер, сәулеттік келбет, аудан орталығын абаттандыру және әлеуметтік салаларды жақсарту жобалары кеңінен талқыланып, ұсыныстар айтылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.