Қызылордада инвесторларға заңсыз айыппұл салған шенеуніктер жазаланды
2026 жылдың 1-ші сәуірінде Қызылорда облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвесторларды әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысында инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Арал ауданында Мемлекеттік кірістер басқармасы прокурордың міндетті келісімінсіз инвесторды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 279-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осыған ұқсас жағдай Жаңақорған ауданында да тіркелген. Мұнда инвесторға қатысты бес бірдей әкімшілік іс қозғалып, заңсыз айыппұл салынғаны белгілі болды. Прокуратураның наразылығы негізінде аталған шешімдердің барлығының күші жойылды. Анықталған деректер бойынша заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Олар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін ӘҚБТК-нің 173-бабы аясында жауапкершілікке тартылды. Бұл бапқа сәйкес, кінәлі тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.
Қадағалау органы мұндай заңсыз әрекеттер инвесторлардың құқықтарын шектеумен қатар, өңірдің инвестициялық тартымдылығына кері әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға заң талаптарын қатаң сақтау және кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласпау жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды жедел түрде 8-700-156-11-66, 27-77-47 нөмірлері немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырды.







