Қызылордада денсаулыққа қауіпті балалар ойыншықтары табылды
Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сапасына мониторинг жүргізілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Жылдың бірінші жартыжылдығында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 өнім үлгісін сатып алып, олардың қауіпсіздік көрсеткіштерін Ұлттық сараптама орталығының зертханасында тексерген.
Тексерілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және өзге де шетелдерден әкелінген. Сараптама нәтижесінде өнімдердің бірінде таңбалау талаптарының бұзылғаны белгілі болды.
Ата-аналарға кеңес
Мамандар ойыншық таңдау кезінде тек сыртқы келбетіне емес, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Департамент басшысы ата-аналарға мынадай кеңестер берді:
Өнімнің таңбалануын мұқият тексеру;
Ойыншықтың сыртқы пішіні мен сапасына (өткір қырларының болмауына) мән беру;
Баланың жасына сәйкес келмейтін ойыншықтарды алмау;
Тауарды тек заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін ресми сауда орындарынан сатып алу.
Қаз
Рус






