Қызылордада денсаулыққа қауіпті балалар ойыншықтары табылды

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: shutterstock.com/Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сапасына мониторинг жүргізілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жылдың бірінші жартыжылдығында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 өнім үлгісін сатып алып, олардың қауіпсіздік көрсеткіштерін Ұлттық сараптама орталығының зертханасында тексерген.

Тексерілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және өзге де шетелдерден әкелінген. Сараптама нәтижесінде өнімдердің бірінде таңбалау талаптарының бұзылғаны белгілі болды.

«Өнімді таңбалау – тұтынушы үшін маңызды ақпарат көзі. Онда тауардың атауы, өндіруші, құрамы, пайдалану ережелері, жас шектеулері көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар тексеру барысында кейбір ойыншықтардың беті тегіс емес, кедір-бұдыр және өткір қырлары бар екені анықталды. Мұндай кемшіліктер баланың терісін жарақаттауы немесе денсаулығына өзге де қауіп төндіруі мүмкін», – деп хабарлады департамент басшысы Гүлмира Сыздықова.

Ата-аналарға кеңес

Мамандар ойыншық таңдау кезінде тек сыртқы келбетіне емес, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Департамент басшысы ата-аналарға мынадай кеңестер берді:

Өнімнің таңбалануын мұқият тексеру;

Ойыншықтың сыртқы пішіні мен сапасына (өткір қырларының болмауына) мән беру;

Баланың жасына сәйкес келмейтін ойыншықтарды алмау;

Тауарды тек заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін ресми сауда орындарынан сатып алу.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.