ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

1 505

ЖАҢАҚОРҒАНДА  ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жұмысшы кәсіптері бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдері туралы» мәселе қаралды.

Жиында көтерілген міндеттерге сәйкес аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазіргі таңда аудандағы аграрлық-техникалық колледжде жұмысшы кадрларды даярлау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Колледж бен ірі өндіріс орындары арасында кәсіпорындардың қажеттілігіне сай мамандар даярлау және қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша келісімдер жасалған.

Аудан әкімі еңбек нарығындағы нақты сұранысты зерделеп, жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес білікті мамандар даярлау жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

- «Еңбек нарығының сұранысына сай білікті жұмысшы мамандарды даярлау – маңызды міндет. Осыған орай колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтіп, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыруды және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырамын», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар мәжіліс барысында күн тәртібінен тыс ауданның эпизоотиялық ахуалы, бюджет кірістерінің орындалуы және тарихи - мәдени мұра нысандарының құжаттарын әзірлеу мәселелері қаралды.

Аталған бағыттар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.