ҚАЗАЛЫДА КҮЗГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

1 501

ҚАЗАЛЫДА КҮЗГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін аудан орталығы мен барлық елді мекендерде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Әйтеке би кентінде Қазалы мәдени-демалыс кешені, өндірістік аймақ, Мағзаман әулие, Қ.Пірімов және Я.Михайлюк көшелерінде аумақтар қоқыстан тазартылып, бей-берекет өскен шөптер шабылды.

Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 148 мекемеден 1 517 адам және 17 техника жұмылдырылып, полигондарға 15,3 тонна қоқыс шығарылды.

Әйтеке би кентінде жүргізілген сенбілік барысында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап, жауапты сала басшыларына әрбір аймақтың санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан аумағында экологиялық акция аясындағы тазалық шаралары әрі қарайда жалғаса беретін болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.