ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕР АДАМДЫ АСА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ӨЛТІРГЕН

1 454

Қызылордалық тұрғын аса қатыгезділікпен өлтірілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Ягодка саяжайында болған. Саяжайдағы үйлердің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған үй иесінің денесі табылғаны туралы хабар түскен.


57 жастағы ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5 – тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.»,- деді полиция департаментінің өкілдері.


Аса жауыздықпен өлтірілген көршілерінің өлімінен кейін тұрғындар үреймен күн кешіп жатқанын жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.