Қызылордада Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті
2 502
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты Президент шыршасына аудандардан 200 бала шақырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық құттықтауын жеткізді.
«Бүгін республикамыздың барлық аймағында Президент шыршасы өтуде. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Мен өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» - деді. 31 жыл бұрын бастау алған Қазақстан Республикасы Президентінің шыршасына осы уақытқа дейін біздің өңірден 4 мыңға жуық бала қатысты. Еліміздің басты шырша тойын мерекелеу үшін сіздер де облысымыздың әр ауылынан келдіңіздер. Бұл салтанатты шара – Президентіміздің өздеріңдей өскелең ұрпаққа көрсеткен құрметі», - деді аймақ басшысы.
Шыршаға келген балалар ойын ойнап, ән шырқады, театрландырылған қойылым тамашалады және естелік сыйлық алды. Сондай-ақ, мейрам қонақтарына арнайы фотосессия ұйымдастырылды.