Шиелі ауданының дамуы: 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы

2 514

Шиелі ауданының дамуы: 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы.

Экономика

Ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдай бойынша түзетілген бюджет несиелерді қоса есептегенде 16 млрд 10 млн 506 мың теңгеге нақтыланды. (5 млрд 716 млн 230 мың теңгеге артты)

Анықтама ретінде: 

- Өз кірістеріміз – 7 млрд 549 млн 420 мың теңге;

- Субвенция –914 млн 862 мың теңге;

- Ағымдағы нысаналы трансферттер – 909  млн 954,3  мың теңге;

- Нысаналы даму трансферттері – 1 млрд 520  млн 459 мың теңге;

- Бюджеттік кредиттерді өтеу – 278 млн 210 мың теңге;

-  Кредиттер – 4 млрд 106 млн 579 мың теңге;

-Қарыздарды өтеу- 1 млрд 330 млн 142 мың теңге,

- Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 731 млн 21,4  мың теңге.

2026 жылдың кірістер несиелерді қоса есептегенде 1 шілдесіне 6 млрд 602 млн теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.

Аудандық бюджеттің өз кірісі ағымдағы жылы 7,5 млрд теңгеге бекітілді, 6 айдың қорытындысымен 3 млрд 767 млн теңгенің орнына 4 млрд 180 млн теңге болып 110,9 пайызға орындалды (айырмасы 412 млн 513 мың теңге).

Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жалпы 6 млрд 602 млн 835 мың теңгеге жоспарланды. Маусым айының қорытындысымен 100 пайызға игерілді. 

Өз кірісіміз соңғы үш жылмен / 2023-5,3 млрд, 2024-6,4 млрд, 2025-7,7 млрд/ салыстырғанда 2,2 млрд теңгеге көбейіп, 141 пайызға өсті.

Бұл ауқымды қаражаттар халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсалуда. 

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Шиелі ауданында салық түсімдерін арттыру мақсатында жұмысшы топтар құрылып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 

Өнеркәсіп 

Аудан экономикасына тікелей ықпал ететін барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде де айтарлықтай өсім қалыптасты.

Атап айтар болсам ағымдағы жылдың 6 айында:

1. Өнеркәсіп өнімін өндіру - 44 млрд 6 млн (жылдық 77 млрд 314 млн теңге) теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100 пайызға жетті (36 млрд 631 млн теңге). 

2. Өңдеу өнеркәсібі көлемі - 37 млрд 848 млн (жылдық 65 млрд 152 млн теңге) теңгеге жетіп, 101,2 пайызға орындалды (30 млрд 301 млн теңге).

3. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі - 5 млрд 711 млн (жылдық 52 млрд 941 млн теңге) теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 105,1 пайызға артық орындалды (5 млрд 017 млн теңге). 

4. Инвестициялар тарту көлемі - 37 млрд 484 млн (жылдық 86 млрд 729 млн теңге) теңгені құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға (34 млрд 890 млн теңге) орындалды. 

5. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер жалпы ауданы 37753 (жылдық 77 646 шм) шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызға жетті (36 142 шм).

6. Құрылыс жұмыстарының көлемі - 13 млрд 215 млн (жылдық 27 млрд 302 млн теңге) теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызға артығымен орындалды (11 млрд 724 млн теңге).

7. Бөлшек сауда көлемі - 6 млрд 971 млн (жылдық 18 млрд 263 млн теңге) теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға орындалды (6 млрд 320 млн теңге).

Кәсіпкерлік және инвестиция 

2026 жылдың 6 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5 747 бірлікті құрады. 

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 641,4 млн теңгені құрайтын 40 жоба шағын несие қаражатын алды. 

Инвестициялық жобалар

Шиелі ауданы бойынша 2025-2030 жылдары жүзеге асырылуы жоспарланған жалпы ұлттық жобалар пулы мен өңірлік пулға енгізілген жобалық құны 163,5 млрд теңгені құрайтын 18 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. (1024 жаңа жұмыс орны) 

Оның ішінде өткен жылы құны 18 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылды, («Тесис» ЖШС  «Transshipment 1» ЖШС, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС, «Бупежанова» ЖК, «Арсен» ЖК, «Мубарак» ЖК)

2026 жылы құрылыс жұмыстары жалғасатын және басталуы жоспарланып отырған 6 жоба бар. Аталған жобалар аясында ауданға 51,4 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан көлемінде бюджет есебінен 40 млрд 854 млн теңгені құрайтын  89 жоба әзірленіп, жоба сметалық құжаттары дайындалды. Аталған ірі жобалар республикалық, жергілікті бюджет мімкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Аудан бойынша халық саны 85 мың 400 адам.Статистикалық мәліметі бойынша, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз, 1716 адам. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864 адам, жұмыспен қамтылғаны 35 148 адам. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 23 370, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 11 778.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік қолдау.

Есепті жылдың 1 шілдесіне 124 отбасының 669 мүшесіне 44 млн 947 мың теңге тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек төленді. 

Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгінгі күнге 492 жаңа жұмыс орны құрылды. (жыл аяғына дейін меже 1021 жаңа жұмыс орны)

Ауылшаруашылығы 

Топырағынан текті тұлғалар түлеп ұшқан, есімдері ел тарихына алтын әріппен жазылған 5 ғасыр адамы, 41 Социалистік Енбек Ері, 

1 «Қазақстанның Еңбек ері» шыққан Шиелі ауданы биыл да берекелі еңбектің үлгісін көрсетіп отыр.

2026 жылдың 6 айында ауылшаруашылығы саласы бойынша 5 млрд 711 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады. (2025 жылдың 6 айында 5 млрд 17 млн теңге).

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік мал саны артып келеді. Ірі қара – 85 734 бас (100,6%), қой мен ешкі – 130 061 бас (91,2%), түйе –1842 бас (98,5%), жылқы – 29 151 бас (107,4%) басты құрады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау және пайдаланылмай жатқан әрі заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді айналымға тарту мақсатында Шиелі ауданында тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Шиелі ауданы бойынша қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу жөніндегі 

жоспар артығымен орындалып, барлығы 41 960 гектарды (жоспар 41 100 гектар) құрады, орындалу көрсеткіші 102 пайыз.

Егін шаруашылығы 

Биылғы жылы 32 мың 515 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде дәнді дақылдар үлесі 4 мың 326 га, майлы дақылдар 

1 мың 150 га, мал азығы дақылдары 10 мың 388 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5 мың 051 га.)Негізгі дақыл күріштің үлесі- 11 600 гектар.  

Әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, шаруашылықтарға суды аз қажет ететін дақылдарды көбейту жұмыстары жүргізілуде. 

Осыған сәйкес, ағымдағы жылы шаруашылық жерлеріне жеке тұрғындар есебінен су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып тамшылатып суару әдісімен 1000 гектар жүгері, жаңбырлатып суғарумен 1000 гектар жүгері, 1623 гектар бидай, 60 гектар сүрлемдік жүгері, 120 гектар мал жемдік асқабақ егілді.

2026 жылы ауданда 10 000 гектар жер (2025 жылы 7800 гектар) лазерлік тегістеуден өткізілді.

Егіске қажетті 15 300 тонна минералды тыңайтқыштар мен арамшөптерге қарсы 13 547 литр гербицидтер 100% толық алынып, себілуде. (солярканың литр бағасы 281 теңге)

Қазіргі таңда 5,4 мың тонна күріш, бау-бақша өнімдері Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан республикалары мен еліміздің басқа аймақтарына экспортталуда.

Жалпы аудан бойынша соңғы 4 жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен ауыл шаруашылығы құрылымдарының техника паркі 68,5 пайызға жаңарды.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бақылау кеңесіне 536 млн теңгені қамтитын 52 жоба ұсынылып, оның ішінде 310 млн теңгені қамтитын 31 жоба мақұлданды. 

Су нысандарың дайындығы 

Шиелі ауданы аумағындағы елді мекендер мен егістік алқаптарын суландыратын жалпы ұзындығы 38,2 шақырымды құрайтын 10 каналға қатысты демеушілік есебінен жоба-сметалық құжаттама толық әзірленді. Қазіргі таңда аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде су шығыны азайып, суару жүйесінің тиімділігі артып, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады деп күтілуде.

Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округін сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында жоба құны 

1 млрд 912 млн теңгені құрайтын ұзындығы 28 шақырым болатын «Құмжарған» каналы қазылуда. 

Жалпы ұзындығы 5 шақырым бөлігін қазу жұмыстары аяқталды. Қалған 23 шақырымы жыл аяғына дейін жүргізілетін болады. 

Жоба толық жүзеге асқанда Майлытоғай ауылдық округінің шабындық жерлерін сондай-ақ Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 мамыр, Жаназар батыр ауылдары аяқ сумен қамтамасыз етіледі және де 5000 га жуық ауыл шаруашылық жеріне суды аз қажет ететін жүгері, жоңышқа тағы басқа дақылдар егіледі және шабындықтар суғарылады. 

Құрылыс саласы бойынша

Шиелі кенті, Абай көшесінде орналасқан спорт кешенін күрделі жөндеу бойынша келісім шарт соммасы 249 млн 891 мың теңге құрады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

2025-2026 жылға аудандық бюджеттен 120 млн теңге,  облыстық бюджеттен 129 млн 891 мың теңге қаржы бөлінді.

Жөлек ауылдық округінде орналасқан жобалық құны 613,9 млн теңге болатын «Спорт кешенінің» құрылысына қазіргі таңда 

182 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, нысан 2027 жылға өтпелі.

Шиелi кентi, Береке мелтек ауданына тартылатын газ құбыры мен орамiшiлiк газ тарату желiлерiн салуға жалпы 269,7 млн теңгеге келісім шарт негізінде жұмыстар жүргізілуде.

«Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Есабыз және А.Молдағұлова көшелерінің қиылысында К-4 каналында автомобиль көпірін салу» жобасына ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға жергілікті бюджеттен 125 млн теңге қаржы қаралды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысының ел аумағындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртудан өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылып, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Шиелі кентінде 836 млн теңгеден астам қаржыға теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтті.Вокзал күніне 200 жолаушыны өткізуге қабілетті. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында ғимараттың қасбеті мен іргетасын қаптау, төбе жабындысын мен есік-терезелерін ауыстыру, электр желілерін монтаждау, жылу жүйесін жүргізу және перрон аумағын аббатандыру жұмыстары жүргізілді. 

«Шиелі теміржол» вокзалының ғимараты 1903 жылы салынған. Ғимараттың жалпы алаңы 637 шаршы метр. Соңғы жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тапсырысымен «Шиелі теміржол» вокзалының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, 2026 жылдың маусым айында аймақ басшысының қатысуымен қайта пайдалануға берілді. 

Бәйтерек ауылдық округіндегі Бидайкөл елді мекеніндегі стадионды қайта жаңғыртуға 44 млн теңге қаралып, жұмыстары басталды.

Сұлутөбе ауылдық округіндегі Сұлутөбе ауылына жобалық құны 39 млн теңгені құрайтын шағын футбол алаңы жәнбалалар ойын алаңын салуға толық қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар мен өрттің алдын алу пункт өткен жылы Бәйгеқұм ауылдық округінде салынып пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Еңбекші, Сұлутөбе ауылдық округтерінде салынуда.

Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп лицейінің ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 67 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекетік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй

2023-2026 жылдар аралығында ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 280 пәтер пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, биылғы жылға 100 үй 200 пәтер сатып алуға облыстық бюджеттен жалпы құны 3 млрд 95 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда тұрғын үй орналасатын жері айқындалып, құрылыс жұмыстары басталады.

2023 жылы 50 пәтер сатып алуға 506,8 млн теңге

2024-2025 жылы 178 пәтер сатып алуға 2 млрд 856 млн теңге.,

2025 жылы 52 пәтер сатып алуға 775,8 млн теңге бөлінді. 

Ағымдағы жылға инфрақұрылым құрылысына 893 млн 693 мың теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар басталуда.

Автомобиль жолдары

Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырым. Оның, 80 шақырымы Республикалық, 100,5 шақырымы облыстық және 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдар. 

Аудандық маңыздағы 145,4 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының бүгінгі күнге 138,1 шақырымы (94,9 пайыз) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, облыстық және республикалық маңыздағы жолдар 100 пайыз асфальтталған.

Бюджеттен тыс көздерден демушілер тарту арқылы аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. 

Соның бірі – «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары. Аталған жоба «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «KAP Logistics» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылып, нәтижесінде 13 шақырым жол 2,5 млрд теңгеге толық жөндеуден өткізілді.

«Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолы бойынша «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-мен «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолының 4,3 шақырымынреконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жобалық құны 1 млрд 200 млн теңге. Бас мердігер «Орда Автодор» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылдың сәуір айынан бастап, жүргізілуде.

«Шиелі ауданының аудандық маңыздағы «Самара–Шымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта құрылымдау» жобасына 1 млрд 631,5 млн теңге көлеміндегі қажетті қаржы толық бөлініп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі.

    «Шиелі ауданы, Алғабас елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырым болатын 6 көшенің (А.Құнанбаев, Достық, Мәдениет, Атамекен, Ш.Ділдебаев, А.Иманов көшелері) автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен барлығы 764,6 млн теңге бөлініп, жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқталады.

    Шиелі кентіндегі жол-көлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында демеушілердің қолдауымен жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын 21 көшені және көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 

Жоба 2026–2028 жылдар аралығында іске асырылатын болады. Ағымдағы жылы 11 көшені жөндеуге қаржыландыру мәселесі шешімін тауып, жөндеу жұмыстары басталды.

Жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын «Шиелі кентіндегі Қожа Ахмет Яссауи, Бәкіров және Есабыз көшелерін, Байтұрсынов көшесінен Шиелі кентіндегі канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту» жобасын іске асыруға жоба құны 1 млрд 500 млн теңгенің бүгінгі күнге 900 млн теңгесі қаралды. 

Қазіргі таңда жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Шиелі кентіндегі бағдаршамдарды орнату жұмысына «Аңсар Строй» ЖШС-мен барлығы 30 млн 060 мың теңгеге келісім шарттар жасалып, «Самара-Шымкент» тас жолымен И.Әбдікәрімов көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауданда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейне бақылау камераларын (Бүгінгі күнде Шиелі кентінде 72 дана бейнебақылау камералары және 8 дана жылдамдық өлшегіш камералар, 

18 жерде көлік бағдаршамдары бар), жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін күтіп ұстау жұмыстарына 65,5 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 21 бағытқа және кент орталығында 5 бағытқа қоғамдық көліктер күнделікті, үздіксіз қатынауда. 

Газдандыру

Бүгінгі күнге ауданда 19 елді мекен (Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Ақмая, Қосарық, Досбол датқа, Алмалы, Бестам, Жиделіарық, Байсын, Еңбекші, Алғабас, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаев, Ш.Қодаманов, Ортақшыл, 

22 Бекет, 21 Бекет, Жансейіт) табиғи газбен қамтылған. Газдандыру 85 400 халық санына шаққанда үлесі 81 пайызды (69 615 тұрғын) құрайды.

Шиелі ауданы, Тартоғай ауылындағы М.Шоқай АГРС салу бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.

Шиелі ауданындағы 8 елді мекенді (Тартоғай, Сұлутөбе, Майлытоғай, 1 Мамыр, Жаназар батыр, Бәйгеқұм, Бала би, Жөлек) газдандыру «Шоқай елді мекенінде АГТС орната отырып «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу» Түзету ЖЖ» жобасына сәйкес жоспарланған АГТС - «Шоқай» арқылы көзделген.

Қазіргі таңда, М.Шоқай АГРС салынатын жердің нысаналы мақсаты ауыстырылып, жоба сметалық құжаттарына өзгерістер енгізілуде.

Аудандық бюджеттен бөлінген 33 млн 740 мың теңгеге Ш.Қодаманов ауылындағы №158 орта мектептің, «Ақбота» балабақшасының, Ақмая ауылындағы №49 орта мектептің, Ы.Жақаев ауылындағы «Балдырған» балабақшасының және Шиелі кентіндегі «Жадыра» балабақшасының қазандық ғимараттарының құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп және ведомствадан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Сонымен қатар, Иіркөл ауылдық округі, Жансейт елді мекеніндегі өткен жылы жаңадан пайдалануға берілген №133 орта мектептің бу қазандығы 7 млн теңгеге көгілдір отынға ауыстырылуда.

Ауыз су

Шиелі ауданы бойынша сапалы ауыз сумен 85 мың 400 тұрғын 100 пайыз қамтамасыз етілген. (Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 21 елді мекен, жергілікті су көздері (скважина) арқылы 9 елді мекен, су тұщытқыштар (блок-модуль) арқылы 3 елді мекен қамтылған.)

Электрмен жабдықтау

Аудан бойынша 883,3 шақырым әуе желілері (10 кВ, 0,4 кВ) мен 609 дана (10 кВ, 0,4 кВ)  қосалқы станция бар. 

2026 жылдың 01 қаңтарында аудан бойынша электр желілерінің тозуы 78 пайыздан соңғы екі жылда 43 пайызға төмендеді. (377,36 шақырым, оның ішінде; ВЛ-10 кВт 253,19 шақырым, ВЛ-0,4 кВт 124,17 шақырым).

2026 жылға облыстық бюджеттен Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарында сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына 57 млн 571 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді.

«Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм, Қодаманов ауылдарындағы ВЛ-10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау» жұмысына жергілікті бюджеттен 617 млн 252 мың қаржы бөлінген, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Білім

Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі - ең негізгі мәселелердің бірі десек, Шиелі ауданының білім саласы талап деңгейінде біршама жұмыстар атқаруда.

Шиелі ауданы бойынша жалпы білім беретін 37 мектеп, 1 жеке мектеп, 18 мемлекеттік, 65 жеке бала бақша жұмыс жасайды. Аудан бойынша үш ауысымдық білім беру мекемелері жоқ. 

Ағымдағы жылы ҰБТ қорытындысымен ауданның орта балы 85,7 (биыл аймақ бойынша 3 орында, өткен жылы 84,3 пайыз, 4 орын болған).Ауданда 11 сыныпты бітірген 109 оқушы «Үздік аттестат», 93 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Өздеріңізге белгілі жыл өткен сайын ауданда халық саны өсіп келеді. Мектептерде бала саны артуда. Бастысы, елдің ертеңі саналатын балаларымыз алаңсыз білім алса, бізге одан асқан бақыт жоқ!

Денсаулық саласы

Шиелі ауданы бойынша 250 төсек орындық аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана,

2 ауылдық аурухана, 1 Көкшоқы ауруханасы, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет (ФАБ), 13 медициналық бекет халыққа қызмет көрсетуде.

Шиелі кентінде өткен жылы көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына қосымша блок қосып, МРТ құрылысын орнатуға 733 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Ағымдағы жылы 650 млн теңгеге МРТ аппараты орнатылып, аудан халқы игілігін көруге.

Денсаулық сақтау саласында Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданындағы Емхана, Бәйгеқұм ауылдық округіндегі ауылдық аурухана  13,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, жұмыстары басталды. 

Абаттандыру

Шиелі кентінің «Базар арығы» ішкі шаруашылық каналының жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы жалпы ұзындығы 

1,2 шақырым бөлігін темір бетондау жұмыстары аяқталды. Қалған 3,8 шақырымы жыл аяғына дейін жасалатын болады. Жоба құны 553 млн теңге. Бас мердігер - «Мелиоратор» ЖШС.

Шиелі кентіндегі 9 көшеге (Ж.Ердешбаев, Ағыбай батыр, Ұ.Алтайбаева, Сапарбеков, Ө.Жаленов, Д.Тұрсынов көшесі мен Шәкәрім, Оразов, Д.Нүрпейсова көшелерінің тұйығына) жаңадан түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. 

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би, Қыш ата кесенелері аумағында келушілердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін демеушілер есебінен жаяу жүргіншілер жолы жасалды. 

Халқымызда «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген жақсы сөз бар.

Мемлекетет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен ауданда тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған акция аясында заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап абаттандыру қағидалары негізінде әрбір тұрғын өз үйінің ауласы мен оған іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. 

Бұл бастама тұрғындар тарапынан кең қолдау тауып, бүгінде тазалық мекемелері, салалық ұйымдар, кәсіпкерлер, өндіріс орындары және тұрғындардың бірлесуімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. 

Қазіргі уақытта, су себу жұмыстары күшейіп, күнделікті үш техника екі бағытта жүруде. (бірінші бағыт: М.Шоқай, Абылайхан, А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев, Т.Рысқұлов, М.Қаратаев, Тәуелсіздік. екінші бағыт: С.Сейфуллин, Бұдабай, А.Яссауий, Дәулеткерей, Досбол Датқа, Әл-Фараби, Ш.Бәкіров, Шәкәрім, Н.Бекежанов, Самара-Шымкент, И.Әбдікәрімов, Емхана аумағы)

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясына жыл көлемінде атсалысқан азаматтарымыз марапатталуда.

Шараның басты мақсаты қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, еңбегін лайықты бағалау және Киелі Шиелі ауданында таза, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды құрметтеу болып табылды. 

Бүгінге дейін, 5 азаматқа Сарыағаш шипажайына жолдама, 27 азаматқа қаржылай сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, аудан орталығында қоғамдық жұмыспен қамтылған 40 азаматқа қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндіктері қарастырылып, жағдай жасалуда.

Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жолға қойылған. 

Ауданда 27 645 жас бар. Жастар аудан халқының 32 пайызын құрайды. Жыл басынан 7 мыңға жуық Шиелілік еріктілер қайырымдылық жасады.

Биыл ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша 110 жас уақытша жұмыспен қамтылып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында cанитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарына үлес қосуда. 

Ауданда қоғамдық-саяси ахуал және қоғамдық қауіпсіздік тұрақты сақталуда.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын күшейтіп, бар мүмкіншілікті пайдаланатын боламыз.