Қызылордада басқарма басшысы ұсталды

3 744

Фото: Антикор«Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнес үшін жүйелі кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыруда.


Естеріңізге сала кетейік, «Бизнеске жол» жобасы аясында ағымдағы жылдың басынан бері 43 проблемалық кейс шешіліп, 5 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қызметіне, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып, заңсыз араласудың жолын кесу жұмыстары Агенттіктің ерекше бақылауында.


Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді.


Антикордың айтуынша, ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша, ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.


«Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы меценаттық және келісімшарт мерзімін ұзарту және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайтуға рұқсат бергені үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікпен ұстады. Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда»,- делінген ведомствода.


Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.