Ақтауда жағажайда демалушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Ақтаудағы жағажайда жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиғаға Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
Каспий теңізінің жағалауында түсірілген видеоны көрген көптеген қолданушы демалушылардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді. Кадрларда бірнеше адамның бір жігітке қалай шабуыл жасап жатқаны, құмға құлаған азаматты таяқпен ұрып, тепкінің астына алып жатқаны көрсетілген. Сөйтіп тағы бірнеше бөтен адамдар келіп, жаппай төбелес басталады. Жанжал ұзаққа созылмайды.
Маңғыстау облысының полиция бөлімі аталған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомство 22 маусымда Ақтау полициясының "102" операторлық пультіне "Достар" жағажайында төбелес болып жатыр деген қоңырау түскенін хабарлады. Патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына бірден аттанған. Нәтижесінде үш адам полиция бөліміне жеткізілді. Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты, сондықтан олар ювеналды полиция қызметкерлеріне берілді.
Олар өз кезегінде Әкімшілік кодекстің 127-бабы және 434- бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. Қазір оқиғаның қалған қатысушылары анықталуда.