ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2 506

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Осыған орай Қазалы ауданында сайлауды ұйымдастыру және өткізу бағытында тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан халқының саны – 78 304 адам. Оның ішінде Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны 47 515 адамды құрайды.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбаймен бірге Қарашеңгел, Құмжиек, Басықара, Ғани Мұратбаев, Көларық, Арықбалық ауылдық округтері мен Қазалы қаласындағы №17 мектепте орналасқан №83, №82, №81, №64, №78, №70 және №67 сайлау учаскелерінің дайындығын көрді.

Аудан басшысы сайлау учаскелеріндегі жұмыстардың ұйымдастырылу барысымен танысып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне саяси науқанның заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асыруына қажетті жағдайлардың толық қамтамасыз етілуі маңызды екеніне назар аударды.

Қазалы ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.