Қызылорда қаласының аумағы ұлғайды
Өткен жылы Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағытында 40-қа жуық эскиздік жоба әзірленген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен мәлімдегендей, оның ішінде аллеялар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту, Сырдария өзенінің жағалау аумағын дамыту, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым объектілерін әрлеу жобалары бар.
Бөлім қызметкерлері өткен жылы заңсыз құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз салынған 298 кәсіпкерлік нысанын анықтап, заң талабына сәйкес шаралар қабылдаған. Нысан иелеріне 44,1 млн теңге көлеміндегі айыппұл салынған.







