Шиелі ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

2 259

Фото: Шиелі ауданының әкімдігіБүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезектілік тәртібімен қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, жер алу, тұрақты жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелерін көтерді. Аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірулер беріп, шешу жолдарын қарастырды.

Жұмыс сұраған азаматтарға аудандағы мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Қоғамдық жұмыстар мен қайта даярлау курстарына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Ал тұрғын үйге қатысты сұрақтарға – мемлекеттік бағдарламалар аясында баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Қабылдауға келген әрбір мәселе бойынша зерттеулер жүргізіліп, заң талаптарына сай шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін egov.kz порталы, e-otinish базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.