ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДЫҢ ӘПКЕСІ ШЫНДЫҚТЫҢ АШЫЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ
Отан алдындағы борышының өтелуіне 10 күн қалған сарбаздың табыты келді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстанда бейбіт күнде әскерде қаза тапқандар, мертігіп, ауру болғандар жиілеп хабарланады. Сарапшылар мұны қысым мен әлімжеттіктен көріп, әскер мен оның басшыларының кінәсі деп санайды. Бірақ ресми органдар әдетте сарбаздардың өлімінен әлеуметтік себеп іздейді. Қызылорда қаласының тұрғыны 2004 жылы туған Темірбеков Нұрғасыр Мелісұлының ажал құшуына шекара қызметінде орын алған құрылыс жұмыстарының салдары екендігі айтылған. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің 2037 әскери бөлімі» РММ-де Отан алдындағы борышын өтеген.
Кейінгі уақытта елімізде сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Жазатайым оқиға болды деген әскер қызметкерлері Нұрғасырды жерлеуге асығуының сыры неде? Бейбіт күнде үкілеген үмітті ұлынан айырылу оңай емес, әрине. Дені сау, ақыл-ойы жетілген азаматты Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттеген үкімет неге салғырттық танытады? Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Президент келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмауды нақтылап, осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатынын ескерткен еді.
Осы орайда, Мақтаарал ауданы Полиция Бөлімінің басшысы сарбаздың отбасына:
Айдын күні аманда бір отбасы қара жамалып отыр. Перзенттерінің тұңғышы Нұрғасырдың өлімі тек туған-туыстарын емес дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Отбасының тұңғышы арқа сүйер ағасын жоқтаған бауырлары мен ата-анасы боздақтап қала берді. Жауапты мамандар жылы жауып отыр, бес-он теңге беріп, сабырға шақырған шенділер жауапқа тартылсын дейді әпкесі.
Сарбаздардың өлімі ұл тәрбиелеп отырған ата-аналардың жүйкесіне кері әсерін тигізгені рас. Қазір кез келген тұрғынды тоқтатып, «Балаңызды әскерге жіберуге қалай қарайсыз?» деп сұрау салсақ. Ешкім баласын әскерге жібергісі жоқ. Қазіргідей халықаралық қақтығыстар белең алған алмағайып заманда тез арада әскерде тәртіп орнатылуға тиіс деп санайды. «Балық басынан шіриді» демекші, әр сарбаздың өлімі үшін шенділер жауап беру керек екенін алға тартады жұртшылық.