Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

2 488

 Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласы соңғы жылдары қарқынды құрылыс алаңына айналды. Инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қаланың сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігіБүгінде қала аумағында 42 демалыс саябағы мен сквер-аллея бар. Бұл орындардың барлығы да жаңғыртылуда. Мақсат – Қызылорданың туристік әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орындарын ұсыну.

Қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени және демалыс паркі заманауи архитектуралық үлгімен безендіріліп, жаңа субұрқақтар, амфитеатр, скейтпарк, балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдарымен  толықты. 

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігіБұған қоса, қаладағы халық көп серуендейтін ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Б. Шөкенов атындағы саябақ және Қорқыт Ата мемориалдық ескерткіш кешені саябағы қайта жаңғыртудан өтуде. 

Қаланың шырайын ашатын басты орындар – орталық алаң мен бірқатар скверлер де заманауи талаптарға сай қайта жаңарды. Жаңа жарық шамдары, сәндік гүлзарлар, субұрқақтар мен жайлы орындықтар орнатылып, бұл аумақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз демалыс орнына айналды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.