Қызылорда облысында депутаттың келіні жұмбақ жағдайда көз жұмған

4 174

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Расул Есеновтың келіні Зере Әбутәліпова жұмбақ жағдайда қайтыс болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Koremiz” бағдарламасына сілтеме жасап.


21 шілде күні 2 баланың анасы Зере Әбутәліпованың денесі Тереңөзек кентіндегі үйінен табылған. Қора маңындағы асылып тұрған денені бірінші күйеуі мен енесі көреді. Дегенмен, олар келіннің ата-анасын хабар беруге асықпаған. Қаза болған Зеренің анасы бұл іске қайын жұртын кінәлап отыр. Себебі, мойынынан қол іздерін анық байқаған.  


"Біреу енесі екен дейді, біреу қайын апасы екен дейді. Білмеймінғой енді. Ұрған екен. Сөйтіп өлтіріп алып, іліп қойған екен дейді. Қолдан өлген деп естідік, оның несін жасырамыз. Өтірік емес, қолдан өлтірген", - дейді ауыл тұрғындары осы оқиға бойынша бар естігендерін айтып. 


Бимен айналысып белсенді өмір сүрген Зерені анасы, кішкентайы баласы бар, ол өзін өлтіруге бармайды дейді. 


"Қайын апасы, енесі, күйеу бала жоқ. Қызым бір бөлмеде біреузі жатыр. Ақтыққа оралып",-дейді Марқұмның анасы қызына мән беріп ешкімнің қарамағанын айтып.  Зеренің анасы осы оқиғадан кейін күйеу баласымен сөйлеспеген.


Оқиғаның қалай болған, не болғаны жөнінде зерттеу жүргізілуде. 


Айта кетейік, қаза болған 25 жастағы келіншектің артында 2 кішкентай баласы қалған.