Шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде

382
Синоптиктердің болжамынша, шілде айында еліміздің бірқатар өңірлерінде қуаңшылық болуы мүмкін.

"Қазгидрометтің" ресми сайтында ұсынылған статистикалық болжамға сәйкес, шілде айында Ақтөбе (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде.


 Әсіресе, аптап ыстықтың салдарынан Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облыстарындағы (Сам) қуаңшылық қатты болуы мүмкін.


 Сонымен бірге, Ақмола (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облыстарында да (Атырау) орташа деңгейдегі қуаңшылық болуы ықтимал. 


Синоптиктердің болжамынша, маусым айының соңғы онкүндігінде жауын-шашын мол болғандықтан, алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) ылғал деңгейі орташа болады.


 Қалған аумақтардағы ылғал деңгейі қалыпты жағдайға сай болады деп күтілуде. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.