Қызылордада екі жеңгетай әр клиенттен 5 мың теңгеден алып отырған

2 678

Фото: Ашық дерек көзіҚызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді.  Шара барысында жеңгетайлықпен айналысқан 2 азаматша анықталды. Облыс орталығындағы екі саунаның 39, 50 жастағы меңгерушілері келген тұтынушыға пайдакүнемдік мақсатта жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.


«Күдіктілер әрбір шақыру бойынша 5 мың теңге сыйақы ретінде ақшалай қаражат алып отырған. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер — ақша және байланыс құралдары алынды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.