Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды
5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сайлаушылар тізіміне 72503 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 53866 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 718 азамат қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 6.
Сырдария, Шиелі аудандары әкімдері сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Сырдария ауданы бойынша
Бакиров Ерлан Амирханович үшін сайлаушылардың 1319 дауысы берілді,
Қарсақбаев Бауыржан Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 1176 дауысы берілді,
Сарменбаев Берик Абдугаппарович үшін сайлаушылардың 13386 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Шиелі ауданы бойынша
Ахатов Нуржан Сабитович үшін сайлаушылардың 32637 дауысы берілді,
Есмаханов Алмасбек Абилкасимович үшін сайлаушылардың 3143 дауысы берілді,
Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы үшін сайлаушылардың 2083 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 3.
Сайлау қорытындыларымен Сырдария, Шиелі аудандарының әкімдері болып:
Сырдария ауданы бойынша - Сарменбаев Берик Абдугаппарович сайланды, 1963 жылы туған, Сырдария ауданының әкімі, Сырдария ауданында тұрады;
Шиелі ауданы бойынша - Ахатов Нуржан Сабитович сайланды, 1978 жылы туған, Шиелі ауданының әкімі, Шиелі ауданында тұрады.