Жаңақорған ауданынды жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Бүгін Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру бекетінің ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Мадиярұлы Ахметов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Айдосұлы Мырзагелдиев, азаматтық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл ардагерлері және жергілікті ауылдарда құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдарының мүшелері арнайы қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Мырзагелдиев өз кезегінде құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның маңыздылығына тоқталды.
Одан соң арнайы жабдықталған ғимарат ішін аралап көріп, техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ғимарат барлық қажетті құрал - жабдықтармен, оның ішінде «Урал» маркалы өрт сөндіру көлігімен сондай ақ қызметкерлердің жатын және асхана бөлмесімен толық қамтамасыз етілген.
Жаңадан бой көтерген өрт сөндіру бекеті жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет ететін болады және төтенше жағдайларға жедел әрекет етудің сапасын арттырады.