Қызылордада балабақша өртенді

2 895

 Фото:© Видеодан скринҚызылорда қаласында Отырар көшесінде екі қабатты балабақша ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтме жасап.

13-ші сәуірде Қызылорда қаласы Отырар көшесі 3А мекенжайында орналасқан ауданы 244 шаршы метр болатын екіқабатты «Ақбілек» орта балабақшасының жертөлесінде ауданы 28 шаршы метр бөлме өртенді. Өрт сағат 12:04–те оқшауланып, 12:11–де толық сөндірілген.(Видео)

Келгенге дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өз бетінше эвакуацияланған. ТЖМ күштерімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Оның шығу тегі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге  ТЖД 35 қызметкері, 12 техника жұмылдырылды, - деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.