Қызылордада оқушы сексуалдық құлдықта болған: Клиенттерге қатысты іс бөлек қаралып жатыр

2 591

Фото: ЖИІшкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордадағы мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі туралы істің тергеу барысы жөнінде мәлімет берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістегі брифингте Әділовтен кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген істе оның клиенттері қалай жазаланғаны сұралған.

“Зорлық-зомбылық құрбаны бойынша тергеу, бірқатар бап бойынша аяқталды. Кінәлі тұлғалар сотталды. Сот шешіміне түсініктеме беруге құқығым жоқ. Ал жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен тұлғаларға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жауап алып қана қоймай, өзге де тергеу амалдарын жүргізу қажет, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр”, - деді Санжар Әділов.

Ол сондай-ақ полиция жәбірленушімен байланыста екенін, ал нақты есімдерді жариялау-жарияламауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін атап өткен.

Министрдің орынбасары өзге ақпаратты жарияламаған. Ол Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, бұл бап соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтінін реттейтінін айтқан.