Қызылордада әкім инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысында инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін әкім жауапқа тартылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Шиелі ауданының прокуратурасы инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқықтарын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактісін анықтады.

Атап айтқанда, «VIGOR Holding» ЖШС-не жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған.

Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде инвесторға жария сервитут белгілеу туралы тиісті қаулының қабылдануына ықпал ету арқылы көмек көрсетілді. Сонымен қатар кент әкімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.