Қызылордада әкім инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысында инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін әкім жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Шиелі ауданының прокуратурасы инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқықтарын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактісін анықтады.
Атап айтқанда, «VIGOR Holding» ЖШС-не жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған.
Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.
Қаз
Рус






