ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ

1 501

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, қала әкімі Нұржан Ахатовпен Қызылорда қаласының шағын аудандарын аралады.

Еске салсақ, аймақ басшысы бұған дейін шағын аудандар тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін тазалық пен абаттандыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Тұрғындар Абай даңғылы бойындағы №62 үйдің ауласына балалар ойын алаңын салып беруді және ауланы жарықтандыруды сұраған.

Мұрат Нәлқожаұлы бүгінгі аралау кезінде берілген тапсырмалардың нәтижесімен танысып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ «Астана», «Арай» шағын аудандарындағы, сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарының тазалығы, абаттандырылуы тексерілді.

Аяқсу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Н.Назарбаев даңғылындағы насос қондырғысы мен құбырлар іске қосылып, Бөкейхан көшесінің Абай даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі ұзындығы 2 шақырым болатын арық жүйесіне аяқсу берілді. Яссауи мен Шүкіров көшесінің қиылысына насос қондырғысы орнатылып, Бөкейхан көшесінен Ғ. Мұратбаев көшесіне дейінгі аралықтағы ұзындығы 960 метр арыққа да су жіберілді.

Жалпы қаладағы 68 көшеде 98,6 шақырым арық жүйесі бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.