Аралда мүгедектігі бар 264 азамат заңды көмегін ала алмаған

1 508

Фото: Gimini арқылы жасалдыҚызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық көмек көрсетуде заңбұзушылықтар анықталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Jaqtime.kz порталына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, Арал ауданы прокуратурасы денсаулық сақтау саласына жүргізген ауқымды талдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған.

Прокуратура дерегіне сәйкес, тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың медициналық қызметтерге уақытылы қол жеткізбеуі, қажетті емдеу-оңалту шараларының толық көлемде көрсетілмеуі және денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан заң талаптарының сақталмау фактілері белгілі болған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатынын атап өткен.