Қызылордада жыл соңында жаңа автовокзал іске қосылады
Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты бар. Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана автобуспен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
Жалпы, облыстағы көлік инфрақұрылымы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов айтты.