ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

1 501

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Жақында Моңғолияның Ұлан - Батыр қаласында өткен жамбы атудан Азия чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем еткен жаңақорғандық спортшыларды жерлестері аудан орталығындағы орталық алаңда зор қошеметпен қарсы алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. 

– "Сіздерді Монғолия елінің, Ұлан-Батыр қаласында өткен жамбы атудан Азия чемпионатындағы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! 

Көк туымызды әлемдік аренада желбіретер – өздеріңіздей жастар мемлекетіміздің, тұтастай халықтың мақтанышы деп білемін. Бүгінгі жетістіктеріңіз ауданымыздың ұлттық спортының дамуына жаңа серпін беріп, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы арта түсетініне сенімдімін", – деді аудан басшысы.

Салтанатты шара барысында жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпат табысталды.

Айта кетейік, жастар арасында Маханбет  Нұрман "Корей" стилінен 1 орын, "Жамбы" стиль бойынша 2 орынды иеленіп, жалпы есепте 1 орынды жеңіп алса,  Асхан Заңғар "Корей" стилінен 2 орын, "Түрік" стилінен  

2 орынды иеленіп, жалпы есепте 3 орынды қанжылады. Ересектер арасында Пернебай Ақәділ "Корей"  стилінен 2  орын, "Массай" стилінен 2 орынның жүлдегері атанды. Жеңімпаздардың жаттықтырушысы Өміртай Ғалымжан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.