Қызылордада тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл алды
Қызылорда облысында биыл осымен екінші мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан ең жоғары ұпайды еншілеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол Жалағаш ауданының Еңбек ауылындағы Мардан Байділдаев атындағы № 232 орта мектептің 11-сынып оқушысы Альфия Балхан.
Альфия ҰБТ-ға дайындық тестін тапсырғанда 138 балл жинап, қатарластарынан оқ бойы озық көрінген екен.
Бұған дейін Шиелі ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы № 127 орта мектеп-лицейдің бітіруші түлектері, егіз қыздар Кәусар және Гауһар Алтынсары ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, аймақ мерейін үстем еткен еді.







