Әкімдік маңына 50 мың теңге жасырып, жұртты шулатқан атыраулық блогер жауапқа тартылды
Instagram желісінде 2,4 миллион жазылушысы бар блогер Ахон Бержан 50 мың теңге жасырып, жұрттың қаражатты жабыла іздеуіне себепкер болады. Тәртіп сақшылары карантин талабын бұзған блогерді жауапқа тартты.
Блогер карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары бұл іс бойынша құжаттарды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жібереді деп жазады "Мой город" жергілікті басылымы.
Сонымен қатар, Ахон Бержан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабының бірінші бөлігі "Жаяу
жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы" дерегі бойынша жауапқа тартылғаны хабарланды.
Блогер қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 2 айлық көрсеткіш көлемінде (5 834 теңге) айыппұл төлеуге
міндеттелді.
Блогер облыстық әкімдік маңына 50 мың теңге жасырған болатын. Бұл хабарды естіген Атырау тұрғындары жаппай ақша іздеуге шыққан.
Көп ұзамай ақша іздеуді ұйымдастырған блогер карантин режимін бұзғаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады.