Төретам кентінде 5 адамға қайтарымсыз грант берілді

51

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде кәсіп ашуға ниетті адамдар қайтарымсыз грант алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Төретам кенті Қармақшы ауданы орталығынан 82 шақырым қашықтықта орналасқан. 118 жылдық тарихы бар мекен алғаш темір жол салынған соң Төретам стансасы болып құрылады. 1929 жылдары тұрғын үй құрылысы салына бастайды. Бертін келе ел тәуелсіздік алғалы Төретам да өзге өңір секілді өсіп-өркендеді. Тұрғындар саны артып, кент заман ағымына сай сәулеттене бастады. Түрлі бағытта шағын және орта кәсіпкерлік нысандар ашылып, қаланың тыныс-тіршілігіне сүбелі үлесін қосты.


Бүгінде кенттің жер көлемі 322,6  гектарды құрайды, нақты алып жатқан жері – 472 гектар. Халқының саны  – 12233 адамға жетеді. Оның ішінде  ерлері – 6246, әйелдері – 5987 адам. Халықтың ұлттық құрамына қазақ – 12050, орыс – 64, өзге ұлттар – 119.  Кентте 850 зейнеткер, көпбалалы батыр аналар – 221, тыл ардагерлері – 26, ауған соғыс ардагерлері – 43, Ауған тәжік соғыс ардагерлері – 19, Чернобыль полигонынан зардап шеккендер  – 1, жалғыз басты қарт кісілер – 1, тұрмыс төмен отбасылар саны – 37, 63 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Үйде оқытылатын мүгедек саны – 18, мүгедектер саны – 254.


2023 жылы 4-ші деңгейлі бюджет қаражатына салық түсімдері – 56101,0 мың теңгені құрады. Оның орындалғаны алты айға 32760,3 мың теңге. Ал кент бюджеті – 56101,9 мың теңге. Мүлiкке салынатын салықтар жоспарланғаны – 916,0  мың теңге; орындалғаны 640,4 мың теңге. Жер салығы жоспарланғаны – 1100,0 мың теңге; орындалғаны 719,7 мың теңге, көлiк құралдарына салынатын салық  жоспарланғаны – 25735,0 мың теңге, орындалғаны 22762,5 мың теңге, жер учаскелерін  пайдаланғаны үшін төлем – 55,0 мың теңге, орандалғаны 584 теңге, жарнамадан түсетін түсімдер – 800,0 мың теңге, орындалғаны 544,0 мың теңге, коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер – 605,0 мың теңге, орындалғаны 246 теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1500,0 мың теңге, орындалғаны 2840,2 теңге, жеке табыс салығы жоспарланғаны – 28000,0 мың теңге, орындалғаны – 5065,6  теңгені құрап отыр.


Мұнда кәсіпкер боламын деушілер қатары артқан. Жалпы кент бойынша тіркелген субъектілер саны – 1132, жұмыс жасап тұрғандары – 1083. Шаруа қожалықтар – 4. жауапкершілік шектеулі серіктестіктер саны – 79. Кент бойынша 182 бірлік оның ішінде 103 дүкен, 4 наубайхана, 10 кондитер цехы, 3 тойхана, 2 кафе, 6 қоғамдық тамақтану орны, 4  тіс емханасы, 18 шаштараз, 6 көлікке қызмет көрсету, 3 көлік жуу, 8 шағын тігін цехы, 1 ағаш шеберханасы, 3 шағын жиһаз цехы, 1 монша,1 Казпочта, 2 нотариус, 1 балалар ойын сауық орталығы, 1 сауықтыру орталығы, 1 АЗС, 4 газ құю бекеті жұмыс істейді. 


Төретам кенті 2023 жылға «Бастау бизнесі» кәсіпкерлік негіздері курсын оқуға ниет білдірген азаматтар саны – 59. Оның нәтижесінде 5 адам грант иесі атанды. «Қызылорда» Өңірлік инвестициясынан 1 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Қаржы құны – 3 000 000 тг. Ал аграрлық несие корпарациясынан 3 азамат қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, Азамат Карамурзаевтың мүйізді ірі қара мал басын көбейту бойынша – 5 000 000 теңге,  Жанар Байсалбаеваның мүйізді ірі қара мал басын көбейту бойынша – 3 150 000 теңге, Айгүл Абдрахманованың компьютерлік қызмет көрсету орталығы бойынша 6 000 000 теңге бөлінді.


Кенттегі мал басы түгел бірдейлендірілген. Есепті мерзім ішінде мал жоғалу, ұрлау фактілері орын алған жоқ. Жалпы кент бойынша барлығы 1669 бас мүйізді ірі қара, 1013 бас жылқы, 273 бас түйе, 3424 бас қой мен ешкі, 783 құс бар.


Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін сақтау бойынша ақпарат ауданға ай сайын уақытылы жолданып отырады. Жыл басынан бері  16 жер учаскесін алуға кезекке қою мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын Төретам кентінде ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Төретам кентінде 3 мектеп орналасқан 464 орындық №80 – мектеп-гимназия, 640 орындық №85, 600 орындық 269 орта мектеп. Мектептер қазіргі таңда, типтік жобада және талапқа сай жұмыс жасауда.


Үш мектепте 1734 бала білім алуда,  265 мұғалім, 125 жұмысшы жұмыс жасайды. 2022-2023 жылы 51 оқушы мектеп бітіріп, оның 48 оқушысы ҰБТ қатысты. Сондай-ақ мұнда 4 балабақша (2 мемлекеттік және 2 жеке) жұмыс істейді. 2-6 жастағы бала саны – 455. Қамтылуы 100%.Кентті  көркейту, көгалдандыру    және санитарлық тазалық жұмыстарын жыл көлемінде тұрақты жүргізіп келеді. Жеке кәсіпкер Р.Алибеков мен Төретам кенті әкімі аппараты арасында  мемлекетік сатып алу шарты жыл көлемінде  жасалып жұмыстар  атқарылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес жыл көлеміне кент аумағындағы иесіз қоқыстарды алуға сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шығарылған иесіз күл-қоқыстар көлемі – 1240 м куб күл-қоқыс 4152,2 мың теңгеге шығарылды. Бұдан бөлек кенттегі жеке кәсіпкерлік нысан алдына және көпқабатты үйлердің алдына  күл-қоқыс тастамау жөніндегі ескерту хабарламалары таратылды. Жыл көлемінде кент аумағындағы иесіз қалдықтарды жинауға 22 ақылы қоғамдық жұмысшылар арқылы тазаланып келеді. Кент көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында кенттіміздің тұрғындары және барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, ақылы қоғамдық жұмысшылар ұйымдастырылып сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Кент көшелерін күтіп ұстауға 1323,0 мың теңге қаржы қаралып, ауа райының қолайсыз жағдайларында кент көшелері бойында жиналған жаңбыр суларын тарту және қар жауған уақыттарда тұз, құм себу жұмыстары жүргізілді. Кенттегі көшелерге жарық шамдарға қызмет көрсету үшін ЖК «Нұрбол» мен 2389,0 мың теңгеге 2023 жылдың 23 қаңтарында №3 мемлекеттік сатып алу келісім шартына отырылып, жұмыстар жасалып жатыр.


16.06.2023 жылғы №39 мелекеттік сатып алу шартына жеке кәсіпкер Қалиев пен жалпы суммасы 3055,2 мың теңгеге келісім шартқа  отырылып, кенттегі көше бойына орналасқан бейнебақылау камераларына қосымша заттар алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.Аудандық бюджеттен 1576,7 мың теңге қаржы бөлініп, Мұсабаев көшесіне жарық шамдар орнатылды. Жеке кәсіпкер Ақназаров пен 900,0 мың теңгеге келісім шартқа отырылып кент көшелеріне 543 метр куб баннерлер орнатылды.


Төретам кентінде жалпы ұзындығы 33,5 шақырым болатын 33 көше бар. Оның ішінде: 30 көше  асфальтталған, 3 көше топырақты. Кентте әлеуметтік нысандар қалыпты жағдайда жоспарға сай жұмыс жасауда. 


Клуб үйінде 2022 жылдың 12 айында барлығы 101 мәдени  шара, оның 56 іс-шарасы онлайн, 45 – офлайн форматында өткізілген. Клуб үйінде  5 үйірме тұрақты түрде жұмыс жасайды. Оған 61 бала қамтылған.

2023 жылдың I тоқсанында барлығы – 23 мәдени шара өткізілді. Онлайн – 7, офлайн – 16.


Айта кетейік, 2023 жылға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 1526 адамға қаралған.


Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.


Грант әлеуметтік осал топтарына беріледі: атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар; асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар; қоныс аударушылар және қандастар; еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады. 


Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.


Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды.


Сонымен қатар, аталған Ережеге сәйкес, әр бір грант алуға үміткер азамат «Электронды еңбек биржасы» порталының https://business.enbek.kz/ru сілтемесі арқылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткендігі жөніндегі сертификаты болу қажет және бизнес жобасын көрсете отырып «Электронды еңбек биржасы» порталындағы  жеке кабинетінде ЭЦҚ-мен қол қою арқылы гранттарға құжаттар тапсырады. Құжаттары комиссия қарауына ұсынылады.


Комиссия отырысының қорытындысы бойынша оң шешім алған азаматтар «Жұмыспен қамту орталығы мен электронды түрде келісім шартқа (ЭЦҚ арқылы) қол қойылады. Қол қойылған сәттен бастап жыл көлемінде қаржының мақсатты игерілуі, жобаның іске асырылуы туралы тоқсан сайын есептіліктерді «Электронды еңбек биржасы» порталындағы жеке кабинеті арқылы тапсырып отырады. Жұмыспен қамту орталығы қаржының мақсатты жұмсалуына  мониторинг жұргізіп отырады. Мақсатсыз жұмсалған грант иегерлері қаржыны кері қайтарады.


Мысалы 2020-2021 жылдар аралығында 8847 адам грант алса, мониторинг нәтижесімен 332 адам кәсіпкерлігін жүргізбеуіне байланысты, келесі шешімдер қабылданды.


-12 адам дәлелді себептермен (әскерге кеткен, бала күтімі);

-79 адамға –кері қайтару туралы ескерту берілді;

232 адам – сот органдарына жолданды, оның ішінде 50- қаржыны кері қайтарды.


«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында әр өңірде облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасы жүзеге асырылған болатын. Биылдан бастап ол – «Еңбек-Бизнес» порталы болып ауыстырылып, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осы тұрғыда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грант беру шарттары жайында брифинг өткізді. Онда мемлекеттік грант мөлшері биылдан бастап 1 225 200 теңгені құрайтыны, мемлекеттік гранттарды қандай азаматтар алатыны туралы  баяндады.


"Бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер болса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алатын отбасы мүшелері, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады", – деді Жанар  Жұмабекқызы.


Биыл грант беру процесі электронды түрде өтеді. Бұл ретте  үміткерлер  өтімдері 1 наурыздан бастап іске қосылған «Еңбек-Бизнес» порталына электронды цифрлық қолтанба арқылы тапсыратын болады. Мемлекеттік грант беру туралы шешімді грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия шығарады. Комиссия құрамына «Атамекен» палатасының өкілі, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық танымдық ұйымдар, бизнес, бұқаралық ақпарат өкілдері және сала эксперттері енгізіледі.


"Мемлекеттік грантты иеленетін азаматтар жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған жұмыссыздар немесе мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтар қатарынан болуы тиіс. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасының сертификаты және 1 жыл тұрғылықты жері бойынша грант үміткері атана алады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларының қатысушылары болып табылатын адамдар грант алуға үміткер бола алмайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын  тұрғын  үй сатып алуға және салуға, өнімдер өндіруге берілмейді", – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы басшысының орынбасары.


Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен гранттардың  мақсатты  пайдалануына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады. Айта кетейік, биылғы мемлекеттік қайтарымсыз грант жобасына бірқатар жаңа ереже енгізілген. Сонымен бірге, грант тек бір рет беріледі. Қайтарымсыз грант иегері атанғаннан кейін өндірісін жүйелі жобалап алғанша уақыт беріліп, 12 айдан кейін мемлекеттік тексеріс жүргізіледі. Аталған грант негізінде 25 күндік оқуға қатысып, 3 жылға жарамды  сертификат  алады.