Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 36 адам қайтыс болды

268

Фото: видеодан скриншотҚайғылы оқиға Синд провинциясында орын алған. Салдарынан 36 адам қаза тауып, тағы 50-ден астамы әртүрлі жарақат алған. 


Алдын ала болжам бойынша, апатқа экспресс-пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, басқа пойызға соқтығысуы себеп болған. 
Пәкістан темір жолы өкілдерінің дерегінше, төтенше жағдай салдарынан төрт вагон рельстен шығып кеткен.


 Ал соқтығысу орын алған Готки ауданы комиссарының орынбасары Усман Абдулла 14 вагонның аударылып қалғанын хабарлады. Осы ретте шамамен сегіз вагонның толығымен жойылғаны белгілі болып отыр. 


Төтенше жағдай куәгерлерінің сөзінше, соқтығысу кезінде жолаушылардың басым көпшілігі ұйықтап жатқан.