Түрмеде отырған күйеуіне телефонды аяқ киіміне жасырып өткізбек болған әйел ұсталды

279

Фото: pixabay.comАқтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Асыра лақтыру" жедел-алдын алу шарасын өткізді. 


Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды. 


Тексеру кезінде азаматтан үш зат анықталған. Оның екеуі ұялы телефон және біреуі ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктектес зат. Азаматтың бұрын сотталғаны анықталған. 
Сонымен бірге, КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды тексеріп, аяқ киім табанына мұқият жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB шнурын тәркілеген. 


"Екі жағдай мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Бірінші дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екінші дерек бойынша күйеуі үшін заң бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылады", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев. 


Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткі заттарын жасырын түрде өткізбек болған 8 жағдай анықталған. Ал "Асыра лақтыру" шарасы кезінде 20 ұялы телефон, 20 sim карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.