Мал ұрлығы мен заңсыз тасымалға тосқауыл: Қызылордада 364 құқықбұзушылық анықталды
Облыстық полиция департаменті 2024-2026 жылдар аралығында Қызылорда облысында ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.
Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде қылмыс саны 50,5%-ға едәуір азайып, ашылу көрсеткіші 9,6%-ға артқан. Сондай-ақ полиция департаментінің жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топтың ісі әшкереленіп, 75 ұры ұсталған. Олардың 25-сі мал ұрлығына қатысы бар екені анықталып отыр. Белгіленбеген жерлерде қараусыз жүрген мал иелеріне 851 әкімшілік шара қолданылды. Ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп 364 құқықбұзушылық тіркелсе, оның 279– мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдауға қатысты.