Қызылордада 86 шетелдік азамат елден шығарылды

2 523

Фото: Zakon.kzҚызылорда облысында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылау және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ірі шара болды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 8-12 маусым аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші – 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 408 дерегі анықталды. Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 228 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Заң талаптарын бұзған 86 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік тәртіппен аластатылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпеген еліміздің 148 азаматына қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.

Полиция өңір тұрғындарына шетел мемлекеттерінен жұмыс істеуге келген азаматтарды заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеп, олардың құжаттарын уақытылы рәсімдеудің маңызын ескертеді. Көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.