Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам ажал құшты

1 244

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұсында жол-көлік оқиғасынан 3 адам мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


27 маусым күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында Шымкент-Самара тасжолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктері соқтығысқан.


ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.


Жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.


Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.