Қызылордада жігіттерді бопсалап, 500 мың теңге талап еткен бір топ әйел ұсталды

2 066

Қызылорда облысында әлеуметтік желіде фейк-аккаунттар құрып, ер адамдардан ақша бопсалап келген қыздар тобы ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Роlisia.kz-ке сілтеме жасап.


«Полицияға ер адам арызданып, сәуір айынан бері белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.


Аталған факті бойынша Қызылорда облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде облыстың 3 тұрғыны ұсталды.


Бұл қыздар Facebook-те жалған аккаунт құрып, абыройға нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желіде таратып жіберу желеуімен ақша бопсалаған.


Бопсалаушы қыздардан жапа шеккен 8 тұлға анықталды. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді», - делінген полиция ақпаратында.


Мәлім етілгендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.


«Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.