«Болашақ» университетінің болашағы неге бұлыңғыр?

10 314

Қызылордада орналасқан «Болашақ»  университетінің студенттері оқу ақысын қайтара алмай жүргеніне біршама уақыт өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Үстіміздегі жылдың жағымсыз жаңалықтарының бірі облыс орталығында орналасқан «Болашақ» университетінің білім беру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, оқу орны лицензиясынан айырылып қалған болатын.  Осы орайда, мыңнан аса білім алушы құжаттарын қолтықтап «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ ауыстырылған болатын. Себебі бітіруші түліктер жарамсыз диплом иегері атанбауы үшін жасалынған әрекет болатын. Алайда,  Өңірлік коммуникациялар қызметі тарапынан  ұйымдастырылған  баспасөз конференциясында

«Болашақ» университеті мен Қызылорда технология және қызмет институты бірігетін болды. Бұрынғы Ақмешіт институты мен Болашақ университеті қосылып, «Қызылорда Ашық университеті» КеАҚ (НАО) атауындағы оқу орны болатындығы айтылса. Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова «Болашақ» университетінен ауысып келген студенттерге оқу ақысы І-ІІ семестрге бұрынғы бағада қалатын атап өтті. Осы орайда ауыстырылған 1200 студенттің төлемақылары оқу орнының есеп шотына не студенттің өзіне кері аударылады, - деп сендірген «Болашақ» университетінің құрылтайшысы Бақберген Досманбетов.



Ал, бүгінгі күннің шындығы бір топ студент жарамсыз лицензияның зардабын тартып, оқу ақысын ала алмай, тіпті мемлекеттік емтиханқа кіргізілмей, сарсаңкесек күйге түсуде. Себебі қысқы сессия алдында екінші семестрдің  толық оқу ақысын «Болашақ» университеті төлетіп алған.


Сайып келгенде Қорқыт университетіне ауысқаннан кейін аударып береміз деген қаржысы әлі күнге дейін аударылмаған, ал есепшілер күнде келесі аптамен алдап  келеді.  Болашақ университетінің басшылығы болса міндетін орындауға асығар емес.


«Менде осы студенттердің қатарынанмын.Бізден оқу ақысын толық төлетіп алып, ал енді қаншама студенттер зардап шегуде.Студенттерден жиналған бүкіл қаражатты өздерінің былықтарына жұмсам қойып отыр. Антикор, білім басқармасы, білім бөлімі ешқайсысының қолынан келер емес. Қарапайым қазақты қанап, ісі өрге баспас.Қаншама студенттер сандалып жүр»,- дейді студент Алтынай Нұрмаханова



«Екі аптада түседі деп шығарып салды проректор,  рас өтірігін қайдам әлі сандалып жүрміз», - дейді Бану Сералиева.


Қашан барсақ есепшілер есігінің ашық болғанын көрген емеспіз. Сандалған студенттер, сан соғып қалғаны да жасырын емес. Ал оқу орнының құрылтайшысы мәселені оңтайлы  шешіледі деп сендірген болатын.  Десек те бүгінде 1200 баланың оқу ақысы төленбей емтиханға кіргізе алмаймыз деген  басшылық. Барынша студенттер үшін оңтайлы жағын қарастырып келеміз, тіпті арнайы  хатта жолданғандығын атап өткен.


«Біздің оқу орнымыз студенттерді қолдауда. Болған түсініспеушілікке студенттердің кінәсі емес. Тіпті оқу ақысын осы жылға сақтап қалуға келісім берген болатынбыз. Алайда, «Болашақ» университеті тарапынан қаржы аударылмады, - деді «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ өкілдері


Баласын оқытамын деп тапқан таянғанын беріп, оқу ақысын алдын ала төлеген жандар сандалап есік жағалап жүр. Ал, құзырлы органдар тарапынан нақты жауап берілмеуде.