Қызылорда облысына 386,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақта шағын және орта кәсіпкерлердің саны 12,6 пайызға артқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қаржылай қолдаулардың көмегімен облыста біршама шағын өндіріс және қызмет көрсету орындары іске қосылды. Осы және де өзге де жаңалықтармен қатар, басқарманың 10 айлық қорытындысы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Каюпов айтты.
Инвестиция тарту игілікті арттырады. Биылдың өзінде облысқа 386,4 млрд теңге инцестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 95,5 млрд теңгеге, яғни 27,7 % - ға артқанын көрсетеді.