Алматыда екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды

351

Фото: polisia.kzЖол-көлік оқиғасы Қазцик кентіне жақын жерде орын алған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан. 

Әзірге, қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені анықталған жоқ. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалған.
 
Daewoo Nexia-да отырған бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux-тың жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатқаны хабарланды. 

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының себептерін және жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.