Қызылордада облыстық штаб құрылды
Биыл Қызылорда облысында азиялық шегірткеге қарсы 33 350 гектар, италиялық прусқа қарсы 31 830 гектар, саяқ шегірткеге қарсы 55 540 гектар жер өңделеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы мәлімдегендей, өңірде зиянкестің дәл осы үш түрі кеңінен тараған.
Өткен жылы азиялық шегірткеге қарсы 35 322 гектар, италиялық прусқа қарсы 35 360 гектар, саяқ шегірткеге қарсы 55 394 гектар жер уланды. Ерте көктемнен бастап бас көтеретін қауіпті жәндіктен құтылуға қазірден қам жасалып жатыр. Осы бағытта облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен өңірлік штаб құрылды.







