Жаңақорғанда әлеуметтік қызметкердің қарауынсыз қалған қарт өз үйінен өлі табылды

886

Жаңақорғанда жалғызбасты қарттың өлі денесі 3 күн бойы үйінде сақталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 

Әлеуметтік осал топ дегенде біздің ойымызға ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың оралатыны анық. Алайда, қоғамнан қолдау күтетін жандар мұнымен бітпейді. Зейнет көрер шағында қамқорлықсыз қалған қарттар, жақындары тастап кеткен дімкәс жандар, тіпті, ұл-қызын бір өзі өсіріп отырған жалғызбасты аналар да айналасының қамқорлығына зәру. Сырт көзге біліне бермегенмен, үлпілдеп өсірген баласын шетелге оқуға жіберіп, соның амандығын тілеп отырған аналар да кейде қиын сәтте қорған болар жан таппай дағдаратын кездер көп. Өсіріп-өндірген ұл-қыздарынан зәбір көрсе, енді бірі тағдыр тауқыметімен қарттар үйін паналауда. Тіпті бірі жалғыз өзі қара шаңырақты сақтап, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қызметкердің көмегіне жүгінетіндер де бар. Сонымен ауыр болса да мойындауымыз керек, бүгінде мұндай қызметкерлердің көмегіне елімізде мыңдаған мүгедектер, зейнеткерлер, жалғызілікті қарттар зәру болып отыр. Ендеше, олар кімдер? Атқаратын қызметтері қандай?


Ол әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдардың құқығын қорғайтын «қорғаушы» рөлінде де бола алады. Бұл қорғаныс, мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарды мазалап келген сұрақтарға жауап алу, шешім табу, қызмет көрсету сапасын арттыру күресінде айқындалуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеу¬меттік қызметкер белгілі бір ақпаратпен, білімімен бөлісу арқылы «ұстаз» рөлін де атқара алады. Осындай сүймелдеушінің көмегіне мұқтаж қарт анамыздың денесі Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында өлі табылғаны белгілі болды. Қарт ананың өз үйінде өлі денесі 3-күн бойы жатып қалған. Бұл туралы Жаңақорған ауданының белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекова өзінің парақшасында жариялады:


«Жалғыз басты қариялар ға қарайтын қараушылар қайда қараған???

Жарайды тағдырдың тауқыметімен балалары ,туыстары жоқ болған соң үкімет қарамағына өткен жалғыз басты қариялар осылай арам өліп қала береді ме?

Былтыр да осы уақытта бір көршіміз үш күн жатып қалып өлігі табылды.

Әлеуметтік көмекшісі бармағаны уақытылы анық бырақ құрсын жабулы қазан деп қоя салдық.

Айлығын алып жеп ішкенсоң неге уақытылы қарамайды???»,- деген жазба қалдырған болатын. 


Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы жаңақорғандық қарт ананың мәйіті өз үйінен өлі табылған болатын. Ол кісі де өз үйінде мәйіті жатып қалған-ды.  Енді араға бір жыл уақыт салып, тағы да ауданда осы жағдай екінші мәрте қайталануда. Әлеуметтік қызметкердің өз жұмысына салғырттық танытуы деп атап өткен тұрғындар үй маңынан сасыған жағымсыз иістің шығуына байланысты полиция қызметіне жүгінгені белгілі болды. 


Бүгінде Жаңақорғанда 30-дан астам жалғызбасты қарт тұратыны белгілі болды.