Қызылордада 4 жастағы бала терезеден құлап кете жаздады

2 510

Фото:© ашық дереккөзденҚызылордада құтқарушылар терезе алдында отырған кішкентай баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі qandastar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Чайковский көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.Үшінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінде отырған баланы байқаған тұрғындар бірден төтенше жағдай қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы үш иінді сатыны пайдаланып, терезе маңында тұрған баланы қауіпсіз жерге алып шықты.  Пәтердің есігі іштен құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.Шамамен 4 жастағы бала кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Абырой болғанда, ешкім  зиян келмеген. 

ТЖМ ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.