Қызылордада канал жағасынан есірткі алқабы табылды

1 708

Қызылордалық полицейлер канал жағасына егілген екі есірткі алқабын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


31 тамыз күні «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты Елтай каналының жағасында екі есірткі алқабын анықтады.


Бірінші алқаптан 33 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны 106 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұсталды.




Екінші алқапта 35 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдік еккен 53 жастағы сол ауданның тұрғыны құрықталды.


Бұдан бөлек бұл алқапта 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.